Tesla акцияларының бағасы шарықтап кетті

818

Компания 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялаған болатын.

Tesla акцияларының бағасы шарықтап кетті Фото: reuters.com

Электромобиль өндіретін америкалық Tesla компаниясы акцияларының бағасы 5%-ға көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы NASDAQ биржасының мәліметіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, акция құны 695,11 долларға дейін қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алдыңғы сауда сессиясының жабылуы кезіндегі деңгеймен салыстырғанда 5,07%-ға көп.

Мұндай динамикаға Tesla-ның 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялауы түрткі болды. Құжат бойынша, осы жылдың алғашқы үш айында автокөлік жеткізілімі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,09 есе артқан. Яғни қаңтар және наурыз айлары аралығында мұндай көліктің 184,8 мың данасы сатылған. 

Осылайша компания микросхемалар мен бөлшектерді жеткізудегі іркілістерге қарамастан өндірісті ұлғайтқан. Бұған дейін сарапшылар Tesla 177,8 мың электромобиль сатады деп болжаған еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу