Tesla әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді болды

573

Tesla брендінің құны қазір 66,2 миллиард долларға бағаланады.

Tesla әлемдегі ең қымбат автомобиль бренді болды Фото: Forbes.ru

Tesla бір жыл ішінде әлемдегі ең қымбат автомобиль брендтерінің тізімінде екі орынға көтеріліп, алғаш рет Mercedes-Benz пен Toyota-дан асып түсті, деп мәлімдеді Brand Finance.

Tesla брендінің құны қазір 66,2 миллиард долларға бағаланады, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 44%-ға, ал пандемияға дейінгі уақыттан бері бес есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Брендті бағалаудағы мұндай өсім Tesla үшін өте ұтымды, өйткені брендтің танымалдылығы артады, яғни болашақта сатылымдар мен кірістер айтарлықтай өсуі мүмкін", - деді Brand Finance компаниясының бағалау жөніндегі директоры Алекс Хэй.

Toyota үшінші орынға түсіп, оның құны 18%-ға төмендеді ($52,5 млрд), Mercedes-Benz өзінің екінші орнын сақтап қалды (3%-ға төмендеп, $58,8 млрд құрады).

Осы секторда автокөліктерінің құны бірден өскен бренд Sokon болды. Оның бағасы бір жылда 123%-ға өсіп, $739 млн долларға дейін жету арқылы рекорд орнатты.

Brand Finance сарапшылары ең күшті автомобиль бренді ретінде Ferrari NV-ні танып, оған "AAA+" максималды рейтингі берілді. Брендтің күшін бағалау кезінде компания оның құнынан басқа көптеген көрсеткіштерді, соның ішінде маркетингтік инвестицияларды, операциялық нәтижелерді, сондай-ақ мүдделі тұлғалармен (қызметкерлерден, жеткізушілерден және акционерлерден бастап мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға дейін) қарым-қатынасты ескереді.

Ferrari брендінің құны негізінен еуро бағамының долларға төмендеуі есебінен бір жыл ішінде 8%-ға, $7,4 млрд қысқарды.

Автокөлік бөлшектерін өндірушілер арасында ең қымбат бренд әдеттегідей жапондық Denso болды,оның құны бір жылда 6%-ға, 4,5 млрд долларға дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу