Tesla Dojo суперкомпьютерін шығаруды бастады

Суперкомпьютер автономды жүргізу жүйесін келесі деңгейге шығарады деп күтілуде.

Tesla Dojo суперкомпьютерін шығаруды бастады Фото: mogilew.by

Tesla компаниясы автопилот жүйелерін үйретуге арналған Dojo суперкомпьютерінің өндірісін бастады, деп хабарлайды The Verge.

Жобаны жүзеге асыру үшін 1 млрд доллар жұмсалады деп жоспарлануда. Компания автономды көліктер мәселесін шешу үшін қажет төрт негізгі технологиялық талапты анықтады: нақты деректердің өте үлкен жиынтығы, нейрондық желіні оқыту, көліктің аппараттық құралдары және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Суперкомпьютер автономды жүргізуді келесі деңгейге көтереді деп күтілуде.

"Біздің автопилот арқылы компьютерінің өндірісін бастап, нейрондық желілерді тезірек және арзанырақ оқытуға қадам жасадық", - деді компания өкілдері.

Автоконцерннің басшысы Илон Маск Dojo секундына бір экзафлоп (бір квинтиллион) операция жасай алады, деп мәлімдеді.

"Бұл керемет күш. Бұл компьютерлік жүйенің небәрі бір секундта жасай алатынын іске асыру үшін сізге 31 688 765 000 жыл бойы әр секунд сайын бір есеп шығару керек", - деп жазады Network World IT басылымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу