Tesla ақауға байланысты 2 млн көлігін кері қайтарып алды

411

Бұл - Tesla көліктерінің биылдыққа екінші рет кері қайтарылуы.

Tesla ақауға байланысты 2 млн көлігін кері қайтарып алды Фото: NBC News

Илон Масктың Tesla компаниясы америкалық реттеуші компания көліктерінің автоматты басқару жүйесіндегі қауіпті ақауларды анықтағаннан кейін екі миллионнан астам электр көлігін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұған автопилот қосулы кезінде көліктерде болған апаттарға қатысты екі жылдық тергеу себеп болды.

Айта кетейік, кері қайтару 2015 жылдан бері АҚШ-та сатылған, автопилотпен жабдықталған барлық Tesla көліктеріне қатысты болып отыр.

Иелеріне көліктерін сату және қызмет көрсету орталықтарына апарудың қажеті жоқ: Компания бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қажетті микробағдарламаны интернет арқылы тікелей электр көліктерінің борттық компьютерлеріне жіберетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу