Тиімсіз квазимемлекеттік ұйымдар таратылады

992

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша алдағы уақытта квазимемлекеттік сектордың субъектілері коммерциялық немесе коммерциялық емес деп жіктеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тиімсіз квазимемлекеттік ұйымдар таратылады

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі бойынша ескертулер мен ұсынымдар айтылды. Бұл – компаниялардың шығындылығы, олардың шоттарындағы бюджет қаражатының айтарлықтай қалдықтары және тағы басқа мәселелер. Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасында квазимемлекеттік сектор субъектілерін коммерциялық немесе коммерциялық емес деп жіктеу жүйесін оңтайландыру көзделгенін атап өткен жөн. Шығыны көп компанияларды "сауықтырудың" арнайы жоспары қабылданады. Егер осы шара ұйымның нәтижелерін жақсартпаса, онда ол жекешелендірудің, қайта құрылымдаудың немесе таратудың тиісті жоспарына енгізіледі", - дейді Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Оның айтуынша мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау – олардың бәсекеге қабілеттілігі, рентабельділігі, кірістілігі және қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан жүзеге асырылады. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу