Tik Tok – 2021 жылдың ең көп қолданылған ресурсы атанды

953

Ол Google-ді екінші орынға ығыстырды.  

Tik Tok – 2021 жылдың ең көп қолданылған ресурсы атанды

Tik Tok әлеуметтік желісі Google-ді басып озып, 2021 жылы ең көп қолданылған ресурс атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Cloudflare зерттеуіне сілтеме жасап.

Google өткен жылы бұл рейтингте көш бастаған еді, биыл тек екінші орынға жайғасты. Үшінші орында Facebook әлеуметтік желісі.

Қысқа видеоларды қарауға және түсіруге арналған TikTok платформасы алғаш рет осы жылдың ақпан айында бірінші орынға ие болған еді, тамыз айынан бері ол тұрақты түрде бірінші орында. 

Бұл платформа 2018 жылдың ортасында іске қосылды. Әлеуметтік желі Қытайдың Byte Dance компаниясына тиесілі.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу