"Не істейміз?": Штаттан тыс бас онкологтың зілзала кезіндегі әрекеті желіде талқылануда

861

Диляра Қайдарова видеоның соншалықты танымал болғанына аң-таң.  

"Не істейміз?": Штаттан тыс бас онкологтың зілзала кезіндегі әрекеті желіде талқылануда Фото: Бейнеден

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова Алматыдағы жер сілкінісі кезінде тараған видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Менің видеом соншалықты тарап кетеді деп ойламадым. Жер сілкінісі вебинар кезінде болды. Мен мұны күткен жоқпын, сол себепті осындай реакция болды. Видео тарап кетті, тіпті өзім де алаңдай бастадым", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жер сілкінгенде тікелей эфирге шығып отырған вебинар қатысушыларының видеосы тараған еді.

Видеодан спикер міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты қандай да бір сұраққа жауап беріп жатқанын, артынша жер сілкінісі басталғанын көруге болады. Спикер әуелі "Жер сілкініп жатыр ма, қалай? Не істейміз?" - дейді, артынша қатты жер сілкінгенде ол да, залда отырғандардың бәрі орнынан тұрып, ғимараттан шыға бастайды.

Айта кетейік, штаттан тыс бас онколог Диляра Қайдарова - продюсер Баян Алагөзованың құдағиы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу