Тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылған

750

Нысаналы трансферт 370 млрд теңге мөлшерінде. 

Тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылған

2019 жылы республикалық бюджет кірісі 200 млрд теңгеге жоғары болмақ. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, республикалық бюджеттің кірістері 2019 жылы 7 трлн теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200,4 млрд теңгеге жоғары. Негізгі өсім қосылған құн салығы бойынша, шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ салықтық емес түсімдер бойынша күтілуде.

"Жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін келесі өзгерістер ұсынылады: Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд теңгеге ұлғайтып, 2 700 млрд теңгеге дейін жеткізу; тапшылықты жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5 пайыздан 2,1 пайызға дейін ұлғайту. Сондай-ақ Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған. Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады", ­– деді ол.

Министрдің дерегінше, мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2019 жылы жалпы ішкі өнімнің 8,4 пайызынан аспайды. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн теңге көлемінде болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу