TikTok-қа жол ережесін бұзған видеолар жариялаған ер адам 8 тәулікке қамалды

251

Ер адамның былапыт сөздер қолданғаны да анықталған.    

TikTok-қа жол ережесін бұзған видеолар жариялаған ер адам 8 тәулікке қамалды Фото: gov.kz

Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бейнематериалдар жариялаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жазбалардан оның жол ережесін бұзғаны, сондай-ақ қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолданғаны белгілі болды.

Құқық бұзушы ұсталып, оған қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзу заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу