TikTok-та балағат сөз айтқан ақтөбелік тұрғын 5 тәулікке қамалды

230

Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтады.

TikTok-та балағат сөз айтқан ақтөбелік тұрғын 5 тәулікке қамалды Фото: polisia.kz/Видеодан скриншот

Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен 42 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абдулла Қоңырбаев сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Полиция өкілдері әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды.

Ведомствоның ескертуінше, интернетте жасалған құқық бұзушылықтар үшін де заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу