Тараз тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Полиция қызметкерлері "Тау адам" деген атпен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екенін анықтады, – делінген ІІМ хабарламасында.
Тараз қаласы сотының шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу