"TikTok-та балағат сөз айтқан": Жамбыл облысында әйел адам жындыханаға жатқызылды

578

Әйел адам өзінің балаларын да балағаттаған.  

"TikTok-та балағат сөз айтқан": Жамбыл облысында әйел адам жындыханаға жатқызылды Фото: azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысында балағат сөздер үшін бірнеше рет жауапқа тартылған стримерша психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, TikTok әлеуметтік желісінде "Золотая женщина" лақап атымен танылған Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфирлер барысында балағат сөздер қолданғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Бірнеше мәрте ескерту жасалып, профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, әйел мұндай әрекеттерін жалғастыра берген. Полицияның хабарлауынша, әйел адам өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан. 

"Полиция, қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен басқа да мүдделі қызметтердің қатысуымен балалардың тәрбиелену және тұру жағдайларына тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта балалар әкесінің қарауында. Жедел медициналық жәрдем бригадасының тексеруінен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу