TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз айтқан Қызылорда тұрғыны айыппұл төледі

298

Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.  

TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөз айтқан Қызылорда тұрғыны айыппұл төледі Фото: ЖИ

Қызылордада әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірінің бірнеше рет бейәдеп сөз айтқаны анықталған.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сот шешімімен оған әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу