"TikTok-тағы Наурыз": Қазақстандықтар мереке аптасында 40 мыңнан аса бейнеролик жариялады

Биыл TikTok Наурыз мерекесін Қазақстан қауымдастығымен бірге төртінші жыл қатарынан кең көлемде атап өтті.  

"TikTok-тағы Наурыз": Қазақстандықтар мереке аптасында 40 мыңнан аса бейнеролик жариялады Фото: pixabay

Платформа "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен TikTok LIVE тікелей эфирлер фестивалін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Танымал стримерлер мен креаторлар еліміздің әр өңіріндегі іс-шаралар мен халықтық серуендер атмосферасын тікелей эфирде бөлісті. Дайындық пен мерекенің алғашқы аптасында пайдаланушылар #наурыз хэштегімен 40 мыңнан аса бейнеролик жариялады. Платформа Қазақстандағы ең жарқын мерекелік контентке шолу жасады.

Бейнероликтерді қарау мен жасауға арналған TikTok жетекші платформасы бүгінде Қазақстанда Наурызды атап өтудің ажырамас бөлігіне айналды. Пайдаланушылар сүйікті мерекесіне арналған контентті белсенді түрде бөлісуде: #наурыз, #novruz, #наурызмейрамы хэштегтермен 300 мыңға жуық бейнеролик жарияланған. Жарияланымдарда қазақстандықтар мерекені қалай қарсы алатынын көрсетеді. Ұлттық әуендерге би билеп, дәстүрлі тағамдарды әзірлейді және халықтық серуен кезіндегі әсерлі сәттерімен бөліседі. Биыл дайындық пен мерекенің қызған шағында тақырыптық контент көлемі Қазақстанда бес еседен аса өсті.

Наурызға деген қызығушылық дәстүрлі түрде атап өтетін аймақтардан тыс жерлерге де таралуда: Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Ирландия сияқты елдерде де осындай контент жасау қарқыны артты.

Мереке халықаралық контенттің бір бөлігіне айналып, түрлі ел пайдаланушылары қысқа видеолар арқылы мәдениет пен дәстүрлермен танысуда. Мысалы, тегі қазақстандық Францияда тұрғыны @dalya.nomad өз бейнеролигінде Орталық Азия елдерінің ұлттық тағамдары туралы айтады. Лондондық креатор @zhilabeauty аудиториясын Наурыз мерекесімен құттықтап, шуақты көктемнің келуін бейнелейтін образды жинақтады. Манчестерде тұратын күрд ұлтынан шыққан @cakeshak бұл көне мерекенің парсылардан бастау алатын қасиетті мәні туралы айтып, отбасымен бірге өздерінің ұлттық тағамдарынан құралған дәстүрлі тағамдар әзірледі.

Қазақстан цифрлық кеңістігінде Наурыздың қалай өтетінін көрсету үшін біз TikTok пайдаланушыларының ең жарқын бейнероликтерін топтастырдық.

Ұлттық би – мереке тілі

Ұлттық билерге арналған контент танымал форматтардың бірі болып қала бермек. Креаторлар заманауи хореографияны да, дәстүрлі қимылдарды да ұлттық әуендерге келтіреді.

Бұл бағыттағы танымал бейнероликтерде авторлар ұлттық билерді заманауи монтаж бен пластика арқылы жаңаша қырынан ұсынады. Сондай-ақ пайдаланушылар Қазақстан табиғаты аясында би билеп, кеңістік пен салтанат сезімін күшейтеді және табиғатты мерекелік көріністің бір бөлігіне айналдырады.

Тағы бір бағыт – концептуалды роликтер. Мұнда ән мен би, домбыра үні арқылы маусымдардың ауысуы бейнеленеді. Қимыл – қыстан көктемге өтудің метафорасы ретінде көрсетіліп, Наурыздың негізгі мәні жаңару идеясы ашылады.

Этно-образдар мен визуалды трансформация

Жеке тренд ретінде образдардың өзгеруін көрсететін бейнероликтер ерекшеленді. Авторлар күнделікті киімнен ұлттық киімге ауысуды визуалды эффектілер арқылы көрсетіп, оны роликтің басты акцентіне айналдырады.

Мұндай бейнелерде креаторлар визуалды ауысумен әртүрлі жұмыс істейді: кейбір креаторлар контрастқа мән берсе, енді бірі жұмсақ ауысулар арқылы оқиға желісін құрайды. Мұндай бейнероликтер ұлттық киімнің эстетикасын ғана емес, оның қазіргі заманғы цифрлық ортада, TikTok-тағы өзектілігін көрсетеді.

TikTok-тағы Наурыз – нағыз мереке атмосферасы

TikTok Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар өздерін ортақ мерекенің бір бөлігі ретінде сезіне алатын, бір-бірімен көктемгі көңіл-күймен бөлісіп, өз қалалары мен ауылдарында Наурызды қалай атап өтетінін көрсете алатын кеңістікке айналды. Платформада безендірілген қалалардағы серуендер, халықтық мерекелер мен көше қойылымдары бейнеленген көптеген видеоны табуға болады.

Қазақстандықтар Наурыздың шынайы атмосферасын көрсетті: адамға толы алаңдар, концерттер, ұлттық ойындар, соның ішінде қазақ күресі, ұлттық киімдегі адамдар және күнделікті өмір көріністері – мұның бәрі бірігіп, мерекенің тұтас көрінісін қалыптастырады.

Жылы лебіздермен бөлісу дәстүрі де контенттен көрініс табуда. Құттықтау бейнероликтері ұлттық нақышта безендіріліп, мерекеге тән символика, музыка және визуалды элементтер кеңінен қолданылады.

Мерекелік дастарқан – Наурыздың ажырамас бөлігі

Наурыздың ажырамас бөлігі – тағам болса, ол да TikTok-та кеңінен ұсынылған. Пайдаланушылар Наурыз-көже дайындау рецептерімен бөлісіп, оны әзірлеу және дәмін көру процесін көрсетеді.

Жекелеген бейнероликтерде қазақстандықтар аулаларда мерекелік дастарқан жайып, сүйікті ұлттық тағамдарын дайындап, бауырсақ пісіреді. Сонымен қатар еліміздің әр өңіріндегі үй ханымдары ешбір дастарқан онсыз өтпейтін басты тағам – бешбармақты қалай әзірлейтіндерін көрсетеді.

Осылайша, TikTok Наурыз дәстүрлері жаңа мәнге ие болатын және Қазақстанда, одан тыс жерлерде де кең аудиторияның қолдауын табатын цифрлық кеңістік ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Платформа пайдаланушыларды мәдени мұра төңірегінде біріктіріп, мерекені шығармашылық, визуалды форматтар мен шынайы эмоциялар арқылы жаңаша жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ оның негізгі құндылықтары - жаңару, бірлік және ұрпақтар сабақтастығын сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу