Тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды: Қостанай облысындағы дала өрті сөндірілді

247

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды: Қостанай облысындағы дала өрті сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің таралуына әкелуі мүмкін болды. Өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындады.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 33 техникасы, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. 7 рет жалпы көлемі 14 текше метрден асатын су төгілді

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді.

"Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жерүсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта жалын шарпыған аумақты нақты көлемі белгіленіп жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", –делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу