Тілі кеш шыққан баланың психологиялық дамуы да кешеуілдеуі мүмкін

1146

Әдетте, бала тілінің кеш шығуына психологиялық процестердің кешігуіне немесе психовербалды дамудың кешігуіне әкеледі. Мамандардың дерегінше, бұл – баланың психикалық дамуының қалыпты қарқынының бұзылуы.  

Тілі кеш шыққан баланың психологиялық дамуы да кешеуілдеуі мүмкін

Сөйлеу, ойлау, есте сақтау, зейін, эмоциялар, қалыпты мінез-құлық дағдылары, қозғалыс функцияларының бұзылуы ықтимал. Тіпті баланың көңіл-күйі еш себепсіз  жиі өзгеуі мүмін.

Бұл туралы бала тілінің кеш шығу себептері жөніндегі Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында балалар психологы – дефектолог Әсел Сағадатова мен Логопед, дефектолог, психолог Злата Салкина Злата Салкина айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Мамандардың дерегінше, Сөйлеудің кешеуілдеуінің көптеген себептері бар. Бұл орталық жүйке жүйесінің перинаталды зақымдануы болуы мүмкін. Әдетте, балалар дүниеге келген кезде гипоксия, шала туылу, туу жарақаты немесе құрсақта болған кезде инфекциялар себебінен болуы мүмкін. Сондай-ақ есту қабілетінің бұзылуынан да болуы мүмкін. Балаға шамадан тыс қамқорлық көрсету де бала тілінің кеш шығуына әкелуі мүмкін. 

"Баланың сөйлеу тілі дамуының артта қалуының себебі отбасында қарым-қатынас мәдениеті қалыптаспаған жағдайда әлеуметтік факт болуы мүмкін. Мысалы, үйде олар не жейтінін үнсіз көрсетеді немесе балаға тамағын үнсіз береді. Сондай-ақ педагогикалық немқұрайлылық немесе бала жиі ұрыс-керістерді байқаса немесе ата-анасы оған айқайласа, онда ол стресске ұшырайды, бұл сөйлеудің дамуын тежеуі мүмкін", – деді Ә.Сағадатова.

Логопед, дефектолог, психолог Злата Салкина бала сөйлеуінің кешеуілдеуін диагнозы бала айғайламаса және үнсіз жүретінін байқауға болады, дейді. "Егер ешқандай дыбыс шығармаса, уілдемесе, оған назар аудару керек. Көбінесе ата-аналар бізге 3 жылдан кейін жүгінеді", – дейді З.Салкина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу