"Тимбалэнд, Николь Шерзингер": Биыл Қазақстанға келетін әлемдік жұлдыздар белгілі болды

Концерттер жыл соңына дейін ұйымдастырылады. 

"Тимбалэнд, Николь Шерзингер": Биыл Қазақстанға келетін әлемдік жұлдыздар белгілі болды Фото: коллаж inbusiness.kz/ЖИ

Бұл туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады, ол мамыр айына белгіленген, – деді Талғат Ғазизов Үкімет отырысында.

"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік іс-шара өтетінін хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу