"Тінту кезінде шенеуніктерді де шешіндіреді": Полиция журналист Дүйсенованың ісі жайлы

694

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісі жөнінде Үкімет кулуарында бірнеше сұраққа жауап берді.

"Тінту кезінде шенеуніктерді де шешіндіреді": Полиция журналист Дүйсенованың ісі жайлы Фото: inbusiness.kz

Қожаевтың айтуынша, қазір арыз жазған адам түрмеде отыр. Журналистер Қожаевқа бірнеше сұрақ қойған. Оның айтуынша, қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. 

"Біздің қызметкерлердің (полицияның) іс-әрекеттерінің заңдылығын прокурорлар, одан кейін сот тексереді. Сол жерде кемшілік анықталып, қызметкерлеріміз міндеттерін дұрыс атқармаса, сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға дайынбыз. Әйтпесе бәрі заңмен регламенттелген", - дейді Марат Қожаев.

Оның сөзінше, журналисті шешіндіріп тергеу "азаптауға" жатпайды.

"Тінту кезінде шенеуніктерді де шешіндіреді", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу