Тіркеу нөмірі қасақана өшірілген қарулардың қаңтар оқиғасына қатыстылығы тексеріліп жатыр

721

Полиция жүргізген жедел-профилактикалық шара нәтижесінде 1936 қару тәркіленген. Олардың көбісінің тіркеу нөмірлері өшірілген. Сондықтан "қаңтар оқиғалары" кезінде қолдануға қатыстылығы анықталып жатыр. 

Тіркеу нөмірі қасақана өшірілген қарулардың қаңтар оқиғасына қатыстылығы тексеріліп жатыр

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Мұхтар Қожаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Бұдан бөлек нақты қаңтар оқиғасына қатысты 860 қару тәркіленді, оның ішінде 475 табельдік және 379 азаматтық қару. 

Ал ұрланды делінген тағы 2089 қару табылмады. Оның ішінде 1282-сі дүкендерден ұрланған азаматтық қару, 648-і табельдік атыс қаруы және 159 жарақат салатын, газ және сигналды тапаншалар.  

Жалпы қару ұрлау фактісі бойынша 708 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 92 адам сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу