Тишин кенішінде топырақ астында қалған машинист табылмай жатыр

936

Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. 40 адам мен 5 техника үздіксіз құтқару жұмысына жұмылдырылған.

Тишин кенішінде топырақ астында қалған машинист табылмай жатыр

24 тамыз күні кеніштегі апат салдарынан машинист топырақ астында қалған еді. "Қазцинк" ЖШС-не қарасты Риддер кен байыту кешенінің Тишин кенішінде құтқару жұмыстары жүріп жатқанына үш күн, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz

"Қызметкерлердің барлығы құтқаруышлармен бірлесіп, топырақ астында қалған әріптесімізді табуға бар күшін салып жатыр. Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. 40 адам мен 5 техника үздіксіз құтқару жұмысына жұмылдырылды", – дейді "Казцинк" ЖШС-нің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых.

Айта кетейік, апаттың себеп-салдары әлі анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу