"Титаниктің" соңғы куәгері өмірден өтті

89

97 жасында әйгілі Титаник кемесінің апатынан аман қалған соңғы жолаушы Милвина Дин дүниеден озды.  

"Титаниктің" соңғы куәгері өмірден өтті Фото: KP.RU

Ол Ұлыбританиядағы Саутгемптон қаласындағы қарттар үйінде қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Айта кетейік, дәл осы Саутгемптон қаласынан 1912 жылы аты аңызға айналған кеме өзінің алғашқы әрі соңғы сапарына аттанған еді. 

Трагедия болған сәтте Милвина Дин небәрі тоғыз апталық сәби еді. Ол апаттан құтқарылған 705 жолаушының ішіндегі ең кішісі саналды. Оның әкесі сол қайғылы түні қаза тауып, жалпы апат салдарынан 1,5 мыңнан астам адам өмірмен қоштасты. Милвина бұл оқиғаны өзі есіне сақтай алмаған, кейінірек тек анасының әңгімелері арқылы білген. Эвакуация кезінде анасы мен балалары бір-бірінен ажырап қалып, кейін құтқару кемесінде қайта қауышқан.

Өмірінің көп бөлігінде Милвина Дин жұрт назарынан тыс, тыныш ғұмыр кешті. Ол әдейі көпшілік алдына шықпауға тырысқан. Тек 1985 жылы "Титаник" кемесінің қалдықтары табылғаннан кейін ғана еске алу шараларына қатыса бастады. Ал 1997 жылы түсірілген әйгілі фильм жарық көрген соң, оның тағдырына деген қоғамдық қызығушылық айтарлықтай артты. Соған қарамастан, Милвина бұл фильмді көрмегенін, оның өзі үшін тым ауыр екенін бірнеше рет айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу