Тізімдегі 50 елдің дені Африка елдері және бұл талаптар Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттеріне де енгізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл талап іскерлік және туристік B-1/B-2 визаларын рәсімдейтін, визалық режимді жиі бұзған елдердің азаматтарына қатысты қолданылады.
"Консулдық қызметкерлері өз қалауы бойынша виза беру шарты ретінде өтініш берушіден 20 мың доллар дейін кепілақы төлеуді талап ете алады", – делінген Мемлекеттік департаменттің жаңартылған хабарламасында.
АҚШ билігі бұл шара арқылы визаларды заңсыз пайдалану және елде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып қою жағдайларын азайтуды көздеп отыр.
Құқық қорғаушылар жаңа талаптар АҚШ-қа барғысы келетіндердің санын айтарлықтай қысқартуы мүмкін екенін айтады.