ТҚЖБ Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

878

Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. 

ТҚЖБ Қазақстан қор биржасында облигацияларын орналастырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қолданыстағы және жаңа тұрғын үй бағдарламаларын қорландыру мақсатында Қазақстан қор биржасында 20 млрд теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Облигациялардың кірісі жылдық 9,5%-10,5%-ды құрайды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі – 7 жыл. Қор биржасы алаңындағы сауда 2019 жылдың 17 шілдесінде өтеді. Бұл туралы инвесторлармен өткен кездесу барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Бұл кездесу KASE алаңында Эмитент күні шеңберінде ұйымдастырылды.

"Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 16 жыл. Осы уақыт аралығында ол барынша нығайып, қазіргі сәтте қазақстандық нарықтың көшбасшысы саналады. Банк өнімдерінің арқасында шамамен 200 мыңдай салымшы қоныс тойын атап өтті. Ал тағы 1,4 млн қазақстандық 692,3 млрд теңге көлеміндегі өз қаражатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақтауда. Оларға қолжетімді банк құралдары мен жаңа тұрғын үй бағдарламаларын ұсыну үшін банк қор жинаудың баламалы көздерін тартып, банк тарихында алғаш рет өз облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастырады", – деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу