ТМД аумағында 6 есірткі арнасы жойылды

216

23 күдікті ұсталды.

ТМД аумағында 6 есірткі арнасы жойылды Фото: ҰҚК

2023 жылғы қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, деп хабарлайды inbusiness.kz комитетке сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды.

Заңсыз айналымнан 300 кг-ға жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ "синтетика" жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу