ТМД елдерін санитарлық қорғау келісімі мақұлданды

276

Аталған келісім 2021 жылғы 28 мамырда Минск қаласында жасалып, оған 8 ел қол қойған.

ТМД елдерін санитарлық қорғау келісімі мақұлданды Фото: akorda.kz

Бүгін Сенат отырысында "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әлемде биологиялық сипаттағы Эбола індеті, тырысқақ штаммдарының жаңа түрлерінің пайда болуы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы сияқты жаһандық пандемия қауіптерінің саны артып келеді.

Бұл үрдіске қарсы тұру - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының эпидемияға жедел әрекет ету қажеттілігін, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жедел шаралар қабылдауды қажет етеді. Сондай-ақ, мемлекет аралық сауда байланыстары мен тауарлардың трансшекаралық қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде іс-қимылдарды тиімді үйлестіруге тығыз байланысты", — деп түсіндірді сенатор Ләззат Қалтаева. 

Осыған орай ТМД елдері 2021 жылғы 28 мамырда Минск қаласында келісімге келді, оған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 11 елдің 8-і қол қойған. (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан). 

"Келісім аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ төтенше жағдайларға байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі келісілген іс-шараларды жүргізуді көздейді. Аурулардың толық тізбесі осы Келісімнің қосымшасында айқындалған.

Бұған дейін, 2001 жылғы Келісімдегі тізбеге 18 аурулар кірсе, осы Келісімде – 24-ке көбейтіліп, халықаралық медициналық-санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес келтіріліп отыр (2005 ж.)", — деп нақтылады сенатор Ақмарал Әлназарова. 

Келісімде ұлттық заңнамаға сәйкес бақылауға жататын тауарлардың тізбесі де қайта қаралып, Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесімен сәйкестендірілді.

Сонымен қатар, Келісімде тараптарды жедел хабардар ету, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуде практикалық, техникалық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелері айқындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу