banner

ТМД елдерінде ең биік шырша қай елде құрылған

699

Турстат порталы ТМД елдері астаналарында орнатылған жаңажылдық шыршалардың биіктігін өлшеп, ТОП10 рейтингін жасақтады, деп жазады inbusiness.kz.

ТМД елдерінде ең биік шырша қай елде құрылған Фото: elorda.info

Оған сәйкес, ең биік шырша Түркіменстан, Ашхабатда құрылыпты. "Әлем" мәдени-ойын-сауық орталығы ғимаратының алдында құрылған жасанды шыршаның биіктігі 43 метр. Аяз ата мен Гарпамық шыршаның шамдарын 15 желтоқсан күні жаққан

Екінші орында Армения, Ереван қаласы тұр. 37 метрлік шырша астанадағы Республика алаңында құрылған. Оның шамдары  5 желтоқсан Junior Eurovision Song Contest 2022 байқауының ашылу салтанаты кезінде жағылды.

ТМД-дағы үшінші ең биік шырша Өзбекстан астанасы Ташкентке қойылыпты. Биіктігі 35 метр. Жасанды шырша қаладағы "Жаңа Өзбекстан" саябағындағы "Истиклол" кешеніне орнатылған.

ТМД-дағы ең биік жаңажылдық шыршалар рейтингі мынадай:

1. Ашхабад, Түркіменстан, 43 метр

2. Ереван, Армения, 37 метр

3. Ташкент, Өзбекістан, 35 метр

4. Баку, Әзірбайжан , 34 метр

5. Душанбе, Тәжікстан, 30 метр

6. Москва, Ресей, 27 метр

7. Минск, Беларусь, 27 метр

8. Астана, Қазақстан, 25 метр

9. Бішкек, Қырғызстан, 25 метр

10. Кишинев, Молдова, 20 метр

Рейтингте алтыншы тұрған Ресейдің Кремльдің Собор алаңына құрылған 27 метрлік шыршасы, жасанды емес. Табиғи шырша. Дегенмен, Ресейде қойылған ең биік шыршаның ұзындығы 55 метр, ол Краснояр өлкесіндегі Татышев аралында тұр. Ел астанасы болмаған соң бұл көрсеткіш рейтингке кірмеген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу