Жиында әскери кадрларды даярлау, армия спорты және жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері де талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, әскери білім беру, кадр саясаты, жауынгерлік даярлық және күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2027 жылға арналған жұмыс жоспары да қаралды.
Тараптар әскери спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге ерекше назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша әскери ынтымақтастыққа қатысты құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ, жиын аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.