Құрылтай отырысында "2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қаралды. Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова Қазақстанның ТМД-ға қатысушы өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуы қалай жүзеге асатыны туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қаралып отырған хаттама ратификацияланғаннан кейін ТМД-ның 8 елі арасында сұрау салулар ведомстволық байланыс арналары арқылы жедел түрде ақпарат алмасатын болады. Басқа шет елдермен сұраныстар, ақпарат алмасу қалай жүзеге асырылатын болады? Басқа елдермен деректерді берудің ұқсас тәсілдерін енгізу жоспарланып отыр ма?", – деп сұрады Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова.
Бұл сауалға Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді.
"Расымен, бұл келісімшарт тек ТМД мемлекеттері арасында ақпарат алмасуды көздейді. Ал басқа шарттарға келетін болсақ, әрине, ондай мүмкіндік бар. Бұлар енді іздестіруге қатысты халықаралық шарттар бар, екіжақты келісімдер бар және Интерпол арқылы орындалуға болады. Құқықтық негіздер бар", – деп атап өтті ІІМ өкілі.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтатынын жазғанбыз.