Тобыл өзенінде 2 адам мінген қайықты ағыс ағызып әкетті

154

Оқыс оқиға Қостанай облысының Майлин ауданы Береговое ауылы маңында болған.  

Тобыл өзенінде 2 адам мінген қайықты ағыс ағызып әкетті Фото: бейнежазбадан

ТЖМ құтқарушылары Тобыл өзенінде ағыс алып кеткен қайықтағы адамдарға көмек көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қысқа мерзімде шақырту бойынша оқиға орнына келген құтқарушылар қайықпен ер адам мен әйел отырған үрлемелі серфингке арналған сапборд тақтасына жетіп, оларды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Ауа-райы жағдайын ескеру және мүмкіндігінше мұқият болу маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу