Тобыл өзенінде көлікпен қарға батқан балықшылар құтқарылды

516

Рудныйдың екі балықшысы қар құрсауында қалған. 

Тобыл өзенінде көлікпен қарға батқан балықшылар құтқарылды

Оларды құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

7 қаңтар 00:37 шамасында Денисов ауданы аумағында, Перелески ауылынан 8 шақырым жерде Тобыл өзенінде екі балықшы мінген автокөлік қардан шыға алмай қалған.

"Рудный тұрғындары балық аулауға келген. Көп ұзамай күн райы бұзылып, қар қаумалап, көлік жағаға шыға алмай қалған. Сырттан келген балықшылар бағыттарынан айрылып, құтқарушыларға нақты қай жерде тұрғандарын түсіндіре алмаған. Күшті жел, боран мен көрінудің нашарлығы құтқару жұмыстарын тіптен қиындатып жіберді. Азаматтарға Денис ауданы ТЖБ екі қызметкері "Нива" автокөлігімен және Жітіқара Арнайы бөлімшесінің құтқарушылар тобы "Ямал" арнайы көлігімен көмекке барды. Сағат 6:42-де балықшылар мінген автокөлік жағадан 1,5 шақырым жерден табылды. Көп ұзамай құтқарылған балықшылар Перелески ауылындағы жылыту орталығына жеткізілді", - деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу