Тоғжанов – "Мың бала" жобасында екі жылда 585 мың бала қазақ тілін меңгерген

1132

Тоғжанов – "Мың бала" жобасында екі жылда 585 мың бала қазақ тілін меңгерген

Бүгін Астанада республика бойынша өткен "Мың бала" атты мәдени-ағартушылық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Конкурстың негізгі мақсаты – өзге ұлт өкілдерінің балаларын қаза тілін үйренуге ынталандыру, мемлекеттік тілді біріктіруші фактор ретінде қалыптастыру, деп xабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Шыны керек, "Мың бала" деген жобаны қолға алған кезде әр түрлі әңгіме болды. Жасай аламыз ба, жоқ па? Бір жылдың ішінде қазақ тілін мың бала біледі деген ниетпен бастаған болатынбыз. Бүгін мың бала емес, екі жылдың ішінде 585 000 бала осы жобадан өтті. Олардың ішінде тілді жетік әрі терең меңгерген балалардың саны 106 мыңды құрап отыр. Бұл деген – үлкен күш! Егер бұған дейін Ассамблеяның ішінде 423 000 адам мемлекеттік тілді меңгерген болса, оларға тағы да 585 000 бала қосылды. Бұл  жай әңгіме емес. Бұл – нақты мемлекеттік тіл саясатының іс жүзінде асып жатуына дәлел", – деді Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Астанадағы бүгінгі салтанатты жиынға "Мың баланың" барлығы келмесе де, оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар жиналды. Олардың әрбіреуіне естелік сыйлық табысталды. Балалар өз кезегінде өнерлерін ортаға салып, қазақ тілінде ән айтып, домбырамен күй шертті, тіпті терме айтқандар да болды. Олардың ішінде орыс, татар, украин, кәріс және тағы басқа ұлт өкілдерінің балалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу