Тоғжанов "тарихи" деп атаған жиынға депутат Паяевтің көңілі толмады

817

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастап, қаржы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму министрлері қатысты. 

Тоғжанов "тарихи" деп атаған жиынға депутат Паяевтің көңілі толмады

Олар халықтың өтініштерін қалай қарап жатқаны туралы депутаттар сауалына жауап берді. Депутат Айбек Паяев министрлерге көңілі толмағаны туралы журналистерге айтып берді.

"Бүгін есеп беріп жатыр. Нақты жауаптар болған жоқ. Мысалы, депутат Жаңбыршин тауарлар халыққа қол жетімді болуы үшін қандай шешімдер қабылданып жатыр деп сұрады. Мысалы, Ресей бидайдан бастап біраз тауарды экспорттауға шектеу қойды. Бізге көп нәрсе импортпен келеді. Өзіміз өндірмейміз, бәсеке жоқ. Сол себепті импортқа келетін кедергіні алу керек деп ойлаймын. Баж салығы, қосымша құн салықтары бар – бәрін алып тастаса, онда тауар арзандайды. Халыққа қолжетімді болады. Екіншіден, халық өз күнін өзі көрсін десек, жаппай кәсіпкерлікті қолдау керек. Бұл туралы да бүгін айтып жатқан жоқ. Кәсіпкерлер пандемия мен басқа да себептерден кейін енді-енді өзіне келіп жатыр. Өзім сұрақ қоймақшы едім, кезек жетпей қалды. Енді жазбаша жолдап көремін. Көп жауапқа көңілім толмады бүгін", – деді депутат.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов өзі және министрлердің мәжіліске келіп жауап беруін "тарихи деп атауға болады" деген.

Оның айтуынша, халық өтініштерінің негізі – табысты арттыру, кедейлікті жоюға қатысты. 

Смайылов бастаған үкіметке айтарым, себеп-салдармен күрес емес, алдын ала жұмыс керек. Үй құлап, су алғаннан кейін біреуді жұмыстан шығарып тастап, кішігірім шара қолданудың керегі жоқ.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу