"Той емес түсірілім": Әнші Кенжебек Нұрдолдай өз тойын фейкке балады

6069

Ал әйелінің сөзінше, тойдың болғаны рас.

"Той емес түсірілім":  Әнші Кенжебек Нұрдолдай өз тойын фейкке балады Фото: видео скриншот

Жастар арасында танымал зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай 6 ай бұрын болған тойын жәй түсірілім екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6 ай бұрын шаңырақ көтерген жас әнші Кенжебек Нұрдолдай отбасына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жұртты мәз-мейрам қылған мереке оның тойы емес, "Шоколад" әніне түсірілген бейнебаянның үзіндісі болған.

"Жазда болған той емес түсірілім. Өйткені ол бейнебаянымның үзіндісі еді", - дейді жас әнші.

Алайда сол тойдағы Кенжебектің қолын ұстаған қалыңдығы мұнымен келіспейді.

Оның сөзінше, тойдың болғаны—ақиқат. Бірақ тойдан кейін әнші күйеуі оған қол көтеріп, отбасының шырқы бұзылған.

"Ол маған үнемі қоқан-лоқы көрсететін, Алайда менің аяғым ауыр болған соң, ол маған көп тиісе алмады. Бірақ үнемі екінші әйел аламын деп айта беретін. Біз ұлымыз екеуміз не істейміз дегенде, "сендерді үйден шығарып жібереміз, не істесеңдер де өздерің біліңдер" деп айтатын", - дейді Кенжебектің әйелі.

Айта кетейік, жас әнші Кенжекбек Нұрдолдайдың бірінші әйелімін деп таныстырған Жамила ұлы Сабыр екеуі шындық іздеп шырылдап жүр. Айтуынша, отбасылы бола тұра күйеуі басқа қызбен мұсылмандық некеге отырған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу