Той өткізушілер айыппұл төлеуден қорықпайды - Семей

526

Мониторингтік топ өкілдерінің айтуынша, іс-шараларды ұйымдастырушылар істеген істеріне өкініп, өздерін кінәлі сезінбейді.

Той өткізушілер айыппұл төлеуден қорықпайды - Семей

Қазан айының басынан бері санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторнигтік топ рейд өткізіп, кәсіпкерлер мен тұрғындарға әкімшілік айыппұл салғанымен той өткізушілер саны азаймай тұр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Үш күн бойы рейд жүргізген мониторингтік топ Семейдің мейрамханалары мен дәмханаларында той мен еске алу шараларын өткізудің бірнеше фактісін анықтаған. Қалалықтарды короновирустық инфекцияның таралуы қорқытпайтын сыңайлы. Көпшілік жиналатын шараларды өткізуге деген тапсырыстар тоқтаусыз қабылдануда. Ал ақшаға құнығып, тәуекелге барған кәсіпкерлер тіптен өз қызметтерінің бағаларын да көтеріп жіберген. Шаралар есікті іштен іліп алу, көліктерді алысқа тұрақтату, музыканы қоспау сияқты амал-айлаларды қолдана отырып өткізілуде. Мониторингтік топ өкілдерінің айтуынша, іс-шараларды ұйымдастырушылар істеген істеріне өкініп, өздерін кінәлі сезінбейтін әрі айыппұл төлеуден қорықпайтын көрінеді.

Қазан айының басынан бері мониторингтік топ шамамен 120 рейд өткізіп, полиция қызметкерлері күн сайын мейрамхана және дәмхана иелеріне, сонымен қатар шараны ұйымдастырушыларға хаттамалар толтырып, материалдар рәсімдеп отырды. Өкінішке қарай, салынған айыппұлдар сомасы миллиондап кеткенімен, санитарлық талаптарды сақтамау фактілері тыйылар емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу