Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 28-30 қазан күндері Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияр желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айбек Смадиярдың айтуынша, Анкарада мемлекет басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.
"Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитіне қатысады", – деп жазды Айбек Смадияр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу