Тоқаев Еревандағыи Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды

112

Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі қолжазбалар қорының бірі саналатын мекеменің жұмысымен танысып, көне мәтіндерді қарады.  

Тоқаев Еревандағыи Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары аясында Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы тұрған қыпшақ қолжазбалары көрсетілді. Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен Матенадаран қорынан Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынды. Биыл институт қыпшақ тіліндегі қолжазбалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр. 



Матенадаран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген әрі армян халқының ұлттық ескерткіштері сақталған маңызды мекемелердің бірі саналады. Институт – Армения мақтаныштарының бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу