Тоқаев Еуразия аумағында көлік байланысын нығайтуды ұсынды

672

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия аумағындағы елдерге қосымша көлік дәлізін құру жөніндегі жұмысты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Тоқаев Еуразия аумағында көлік байланысын нығайтуды ұсынды Фото: akorda.kz

"Еуразия өңірінде қосымша көлік дәлізін құру жөніндегі түрлі жобалардың болашағы бар. Транзиттік маршруттарды әртараптандыру шындыққа айналды. Шығыс-Батыс-Шығыс желісі бойынша сауда көлемі біртіндеп артып келеді. Бұл үрдіс өте тұрақты болуы аса маңызды", - деді Мемлекет басшысы видеоконференция форматында өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумның пленарлық отырысында.

Оның пікірінше, құрлықтық транзит бағыттары тек бір-бірімен ғана емес, теңіз маршруттарымен де бәсекеге түсе алады.

"Менің ойымша, Еуразия аумағындағы елдер осы салада үйлестіру жұмысын күшейту керек. Бұл әр елдің ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу