Тоқаев кедендік шекарада арамза кәсіпкерлермен күресіп жатқанын айтты

2263

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" саммитінде сөз сөйлеп, кедендік шекарадағы тәртіп туралы айтты.

Тоқаев кедендік шекарада арамза кәсіпкерлермен күресіп жатқанын айтты

"Біз кедендік шекарада тәртіпті орнатуды батыл түрде қолға алдық. Оның ішінде артық пайдакөс кәсіпкерлермен күрес жүргізіп жатырмыз. Олар заңсыз схемаларды енгізіп, бизнес үшін әртүрлі кедергілерді қойып келген. Құқыққа қарсы осындай әрекетке қарсы күрес нәтижесі таяуда жемісін береді", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Орталық Азия елдері мен Қытайдың дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына арналған "Орталық Азия – ҚХР" атты онлайн саммит өтіп жатыр. Іс-шараға Қытай тарапы мұрындық болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу