Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет

1302

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жол құрылысына қажет материалдар шығаратын кәсіпорындар салуға тапсырма берді. Себебі бұл бағытта елдің өндірістік әлеуеті толық қолданылмай келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет

"Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды. Мұны, тіпті, қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, яғни бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын. Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу