Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Парадқа Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының сарбаздары қатысып, сап түзеп өтті.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.
Айта кетейік, бүгін Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысы Жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтті.
Салтанатты шараға Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Мьянма, Моңғолия, Лаос, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Мысыр, Вьетнам, Беларусь және Әзірбайжан елдерінен де әскерилер сап түзеп өтеді.
Жеңістің 80 жылдығына орай Қызыл алаңда өтіп жатқан парадты орталық стендтен құрметті меймандар тамашалады. Олардың арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Жалпы шараға 29 шет мемлекеттердің көшбасшылары шақырылған.
Парадқа Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов басшылық етуде.