Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

5032

Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды.

Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды", деді Берік Уәли.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71 жасында дүние салғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу