Президент "Орталық Азия – Қытай" форматының ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев жиында айтылған ұсыныстардың жүзеге асатынына сенеді.  

Президент "Орталық Азия – Қытай" форматының ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесі саммиттің форматын табысты еткенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Президент "Орталық Азия – Қытай" форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет деп санап отыр.

Президенттің пайымынша, бүгінгі саммит елдердің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін көрсеткен. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде "Орталық Азия – Қытай" форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы әлемдегі уран қорының 20 пайызы және сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланғанын айтып, Қазақстан мен Қытай атом энергетикасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоятыны туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу