Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі

272

Бұл туралы Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.  

Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі Фото: akorda.kz

1 қыркүйекте Бішкек қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. 31 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин оңаша кездесу өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Екі ел президенттері соңғы рет 25 шілдеде Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII ынтымақтастық форумында кездескен еді. Ушаковтың айтуынша, сол кезде кейбір мәселелер келіссөз аясынан тыс қалған.

Сондықтан Тоқаев пен Путин Бішкектегі кездесуде соларды қосымша талқылауды жоспарлап отыр. Күнтәртібіне нақты қандай тақырыптар енетіні әзірге нақтыланған жоқ.

1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және "ШЫҰ плюс" форматындағы кеңейтілген кездесу өтеді. Саммитке Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Әзербайжан, Армения, Моңғолия және басқа да елдердің басшылары қатысады. Сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанның премьер-министрлері келеді.

Ал бүгін Бішкекке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арнайы ұшып келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу