Тоқаев пен Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты

423

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді. 

Тоқаев пен Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты Фото: akorda.kz

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.

Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу