Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерді Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды

605

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде инвесторларға жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқаев ресейлік кәсіпкерлерді Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды

"Теңіз жобаларын жүзеге асыратын инвесторларға қолайлы жағдай жасадық. Ресейлік серіктестердің бірлескен теңіз жобаларын ішкі нарыққа мұнай жеткізуден босату жөніндегі ұсынысын қолдадық, экспорттық кедендік баж салығын алып тастадық. Үкімет инвестициялық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасай отырып, инвестицияның жаңа тетігін – жетілдірілген модельдік келісімшартты әзірледі", – деді Мемлекет басшысы

Көкшетауда өткен Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, жаңа келісімшарт инвесторлардың құқығын қорғауды, әрі инвестицияның тұрақты тартылуын көздейді. 

"Ресейлік серіктестерді жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз. 2019 жылдан бастап өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр. Бүгінде 3 жоба іске асырылды: "Кировец" маркалы тракторлар өндірісі, Hyundai маркалы автомобиль өндірісі және "Газ" маркалы көліктерге арналған компоненттер өндірісі. Биыл сәуірде Татарстан президенті Рустам Миннихановтың қатысуымен жылына 3,5 млн шина шығаратын зауыт құрылысы басталды. Бұл – Қазақстан үшін басқа елдерден келетін импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін маңызды жоба", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу