Тоқаев сауда байланысын жандандыруды ұсынды

950

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінде сауда байланысын жандандыруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тоқаев сауда байланысын жандандыруды ұсынды

"Бірқатар беделді халықаралық ұйымның дерегінше, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішкі өңірлік тауар айналымы 91 млрд доллардан асады немесе әлемдік саудадағы үлесі – 0,5%. Достастық елдерінің өзара сауда үлесі мемлекеттеріміздің сыртқы әлеммен жалпы тауар айналымының шамамен 20%-на тең", – деді Тоқаев онлайн режимде өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында . 

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш сауда-экономикалық байланысты одан әрі арттыру үшін зор әлеуеттің барын көрсетеді.

"Сондықтан экономикалық өзара іс-қимылдың ағымдағы тәсілдерін қайта ойластырып, оны жетілдіру үшін бірлескен ауқымды жұмыс жүргізу қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу