Тоқаев Шәмші Қалдаяқовты ерекше жоғары дәрежемен марапаттады

890

Президент Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тоқаев Шәмші Қалдаяқовты ерекше жоғары дәрежемен марапаттады

"Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын (марқұм)", деп жазылған Жарлықта

Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62 жасында дүниеден өтті. Ел арасында "қазақ вальсінің королі" атанған композитордың шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. "Менің Қазақстаным" әні еліміздің әнұранына айналды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу