Тоқаев жылы орнын суытқысы келмейтін шенеуніктерге ескерту жасады

680

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жұмысын тиісті деңгейде атқара алмайтын шенеунік орнын босатуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тоқаев жылы орнын суытқысы келмейтін шенеуніктерге ескерту жасады

"Мемлекет басшысының бағыт-бағдарына күмәнданып, жұмысын атқара алмаған, бәлкім "жылы орнын суытқысы келмейтін, Президент тапсырмасын орындағысы жоқ шенеуніктер меніңше, орнынан кетуі керек. Қазір біз даму даңғылының шешуші кезеңіне таяп қалдық. Мемлекеттік аппарат бірыңғай тетік секілді жұмыс істеуге тиіс. Сонда ғана біз көздеген міндеттерімізге қол жеткіземіз", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу