Токио 2020 жылы өтетін Олимпиаданың бюджетін қайта қарады

908

Токио 2020 жылы өтетін Олимпиаданың  бюджетін қайта қарады

Токиода 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бюджеті шамамен 18,2 млрд долларға дейін қысқартылады, деп хабарлайды Kyodo ақпарат көзіне сілтеме жасаған  24 Хабар. Ал осыдан бұрын атаулы спорт шарасын өткізуге 29,5 млрд АҚШ доллары жұмсалады деп жоспарланған еді. Бірақ, таяуда Халықаралық олимпиада комитеті мен Токио губернаторы Юрико Коикэ бұл соманы қатаң сынға алды.

Айта кету керек, ХХХII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 2020 жылғы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу