Токио әуежайында Japan Airlines әуе компаниясының ұшағы өртенді

572

Өрттің нақты шығу себебі әзірге белгісіз. 

Токио әуежайында Japan Airlines әуе компаниясының ұшағы өртенді Фото: reuters.com

Токиодағы "Haneda" әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

NHK видеосының кадрларынан жолаушылар ұшақтан үрлемелі баспалдақпен секіріп қашып бара жатқанын көруге болады.

Japan Airlines әуе компаниясының хабарлауынша, борттағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланған.

Сонымен қатар, кадрларда лайнерді шарпыған үлкен жалын көрінеді. Ұшақ толығымен дерлік жанып кетті, ал өрт сөндірушілер әлі де өртпен күресіп жатыр.

Өрттің нақты шығу себебі әзірге белгісіз. Алайда, Reuters және NHK агенттіктері Japan Airlines рейсі "Haneda" әуежайына қонғаннан кейін Жапония жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқан болуы мүмкін деп хабарлайды.

Жанған ұшақ – 2021 жылы шығарылған Airbus A350 ұшағы. Бұл – Хоккайдо аралындағы Шин-Титос әуежайынан ұшатын JAL516 деп аталатын рейс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу